Осы кезең ішінде 241,1 млн теңгенің 36 субсидиялау шартына қол қойылды. Сонымен қатар, облыс бойынша жыл басынан бері 18 жобаға 148,7 млн теңгенің кепілдігі берілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының (КҚКО) мамандары тұрақты негізде консультациялық-практикалық және сервистік қызмет көрсету бойынша бизнесті ашу және жүргізу мәселелері, бухгалтерлік есеп және салық есептілігі, заң аспектілері, бизнес-жоспар әзірлеу бойынша қолдау көрсетті. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысқысы келетін кәсіпкерлер КҚКО мамандары құжаттарды жинап, өтініш беру және банк шешімін алғанға дейін жобаларды сүйемелдеуге көмектеседі. Бірінші тоқсанда КҚКО базасында 40-тан астам бизнес-жоспар және 12 бизнес-жобалар тегін әзірленді.
Сондай-ақ, жыл басынан бері «Жаңа бизнес ашуды қолдау» бағдарламасы шеңберінде 40-қа жуық ісін жаңа бастаған кәсіпкер оқытылды. «Назарбаев Университеті» ДБҰ базасында оқуға 11 кәсіпкерден өтініш қабылданған.