menu
Жабу

Павлодарлық "Услада" - көпшіліктің көңілінен шыққан

Жаңалықтар
22.08.2018

Павлодардағы ірі кондитерлік компаниялардың бірі «Услада Павлодар» ЖШС өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында қолдау алды. Компания 2011 жылы Теміржанов ЖК жанындағы шағын цехта құрылған. Ол кезде негізінен тәтті нандар мен күлше пісіретін. 3 адам жұмыс істейтін.

       Қазір «Услада Павлодар» ЖШС күлшенің 100 түрін шығаратын тұрақты компания. 2014 жылдан бері зефир мен мармелад та шығарады.

        Заманауи қондырғыларды мемлекеттің қолдауы арқасында сатып алды. Центр Кредит Банктен өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 6 пайызбен алған 32 млн теңге қаражатқа италия, швейцарияның нан жаю машинасы, зефир шығару желісі алынды. Несие алуға кепілзат жетпегендіктен, «Даму» Қоры соманың 50%-ына кепілдік берді.

        Бүгінгі күні компанияның әріптестері қатарында Павлодар, Алматы облысы, Астана, Өскемен, Семей, Қарағанды облысы мен Степногорск секілді көптеген қалалардың кондитер өнімдерін сататын дүкендері бар.

        Болашақта шет елге өнім шығаруды да жоспарлап отыр.