menu
Жабу

Ақтау қаласында курортты аймақ құру жалғасуда

Жаңалықтар
11.09.2018

Маңғыстау облысында туризмді дамыту, атап айтқанда Ақтау қаласын курортты аймаққа айналдыру барысында кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді «Даму» қоры жүзеге асырады.

2016 жылы «Даму» қоры мен Маңғыстау облысының әкімшілігі бірлесіп туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы «Саяхат» аймақтық бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның негізгі шарты - Маңғыстау облысына турист тартуға байланысты шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру. Қаржыны екінші деңгейлі банктер береді.

Ақтаудағы туризмді дамыту саласында табысқа жеткен оқиға деп Алиев Вагиф Бахадур оглының жобасын атауға болады. «Саяхат» аймақтық бағдарламасы шеңберінде «Lido» атты теңіз жағалауындағы кафе-бардың террассалары қайта жасалды. Қонақтарға неғұрлым қолайлы жағдай жасау және одан да көп келушілер тарту үшін кәсіпкер үшінші және төртінші қабаттың еденінен төбесіне дейін әйнек витраж жасау туралы шешім қабылдайды. Бұл жазғы алаңның жұмыс маусымын ұзартуға да мүмкіндік береді. Тапсырыс берушінің шешіміне сәйкес, серіктес банк ретінде «Қазақстан Халық Банкі» таңдалды. Қаржы жылына 7,8%-бен 5 жылға есептелді.

Қазір кафе-бардың қызметі толық іске қосылған. Екі қысқы зал мен төрт жазғы ойын алаңы бар.