info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Петропавлда ғимарат қасбеті өндірісі мен монтажын «Даму» Қорының қолдауымен «Артриум СК» жасайды

Жаңалықтар
17.09.2018

 

Қазақстан нарығында «Анисифоров В.Ю.» ЖК отбасылық бизнесі 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ағайынды Анисифоровтар 4 адам жұмыс істейтін кішігірім компания құрып, ғимараттардың қасбеттерін безендірумен айналысты. Кейіннен олар кесетін қымбат жабдық сатып алды. Бұл құрал кез келген материалды кесе алады. Табиғи тасты, композициялық материалды, шыны, металл тастан жасалған бұйымдардың барлығын кеседі. Металлды 4 мың атмосферлық қысымды су ағыны астында жүзеге асырады, ағын тек судан ғана емес, ұсақ бөлшектерден де тұрады. Бұл кесу процесі экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Қандай да бір газ шығармайды. Алюминий қасбеттермен қоса, кәсіпорын полипропилен ыдыстар, сүт тасымалдауға арналған бөшкелер, химиялық заттарға арналған цистерналар, май сүзгілер сияқты көптеген ыдстар шығарады. Петропавл қаласындағы ғимараттар қасбеттерінің көпшілігін осы кәсіпорын материалдарымен жабылғанын атап өту керек.

2006 жылы кәсіпорынмен «Артиум СК» тауар белгісімен тіркелді. 2004, 2005, 2006 жылдары «Анисифоров В.Ю.» компаниясы «Солтүстік Қазақстанның ең үздік тауары» байқау-көрмесіне қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай–ақ «2012, 2014 жылғы Қазақстанның ең үздік тауары байқауының» қатысушысы.

 

2015 жылы кәсіпорын тасты өндейтін жабдық алу үшін «Даму» Қоры арқылы мемлекеттің қолдауымен банктен 10,0 млн тенге несие алды. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының арқасында пайыздық мөлшерін төмендете алды. Осылайша несие мейлінше арзан болды. Биыл кәсіпорын жылына 6%-бен Ұлттық қордан «Даму» Қорының кепілдігімен айналым капиталын толтыру үшін несие алуды жоспарлап отыр. Жоба Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қарастырылып жатыр.

 

2016-2017 жылдары Астана қаласында «Даму» Қоры ұйымдастырған «Қазақстанда жасалған» көрмесіне қатысты.

 

Қазіргі уақытта «Анисифоров В.Ю.» ЖК автоматты есіктер, витражды терезелер, қорғайтын алюминий жүйелерін, суық және жылы сериядағы терезе мен есіктер шығара алады. Компания қапталған қасбеттерді орнату бойынша кәсіпқой мамандарға бай, мол тәжірибеге ие.

 

Бүгінгі күні «Артриум-СК», «Анисифоров В.Ю.» ЖК шығаратын негізгі өнімдер тізімі:

-       1-200 ЖШС 39232985 640ҚР ТУ бойынша алюминий профильдерінен архитектуралық мөлдір құрылымдар;

-       21519-2003 ГОСТ бойынша алюминий қорытпалары жасалған терезе блоктары;

-       Бекітілген қасбеттін жүйелерді орнату

-       Жалпы құрылыстық жұмыстар;

-       Табиғи тастан және форфордан жасалған декор элементтерін өндіру мен декоративті панноларды өндіру;

-       Полпропиленді -технологиялық контейнелерден, май жинаушылардан, шрифттерден, бассейндерден, септиктерден, етті қайта өндеуге арналған жабдықтардан жасалған конконтейнерлер мен өнімдерді өндіру.