menu
Жабу

Әселдің көмегімен адемі болыныз

Жаңалықтар
20.09.2018

Ісін жаңа бастаған кәсіпкер Әсел Нұрғалиева өзінің арманын табандап жеткен жан. Бизнеске деген баспалдақты жас кәсіпкер Еуропа чемпионы Виктория Станевичтін макияж және боди-арт оқу курсынан бастады.

Толық білім алған соң, Әсел боди-арт бойынша Қазақстан Чемпионатында 1-2-орын иеленді. Ал Азия чемпионатында 3-орын алды. Бұнымен оның табысқа апарар жолы тоқтаған жоқ. Ол акварельдің техника шеберлігін үйреніп, жеке және топтық оқу курстарын ұйымдастыра бастады.

Сұлулық саласында тәжірибе жинаған Әсел арулардың көпшілігі макияж және перманентті макияж қызметін жиі пайдаланады деген шешімге келді. Өйткені әр әйел адам таңертең көп уақыт жұмсамай әдемі болып жүргісі келеді. Осы оймен кәсіпкер перманентті макияж студиясын ашуға бел буды. Біраз ақша жинақтап, студияға ғимарат сатып алды. Ал жөндеу жұмыстарын жүргізу мен жабдықтар сатып алуға қаржыдан қысылған ол «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен несие рәсімдеді. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде кепілзат жеткіліксіз болғандықтан «Даму» Қорының кепілдігіне ие болды. Кәсіпкердің арманы «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асты.