menu
Жабу

Саудадан өндіріске

Жаңалықтар
20.09.2018

«Ортус-А» компаниясы кәсіпті арнайы жұмыс киімдерін көтерме саудалаудан бастаған. Тірнектеп жүріп абырой мен бедел жиған серіктестік 2014 жылдан бері Ақтөбе облысын арнайы жұмыс киіммен қамтамасыз етіп отырған дистрибьюторға айналды.

2017 жылы бизнесін кеңейту мақсатында жеке өндірісті жолға қоюға шешім қабылданды. Ол үшін кәсіпорын өндірістік құрал-жабдықтар сатып алды. Ал цех ғимаратына қол жеткізу үшін «Альфа Банкке» өтінім берді. Банк «Даму» Қорының кепілдігімен 24 млн теңге несие берді. Ал «Бизнестің жол картасы 2020» біріңғай бағдарламасы аясындағы субсидия несие мөлшелемесін 7%-ға азайтты.

Қазіргі уақытта «Ортус-А» ЖШС өндіріс көлемі мен өнім түрлерін қарқынды түрде көбейтумен айналысып, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС секілді ірі компанияларға тауарын өткізуде. Биыл компания «Ulttyq Ónim» отандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысты.