menu
Жабу

«Даму» Қорынын Алматы қалалық филиалы 2017 жылдың 1 тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
12.04.2017

3 ай ішінде жалпы сомасы 6 млрд теңгелік несие қоржыны бар 31 жобаны субсидиялау шартына қол қойылды. Несиеге кепілдік беру бойынша 375 млн теңге құрайтын 14 кепілдік шарты бекітілді.

Сондай-ақ, ісін жаңа бастаған, бизнесі бар және әлеуетті кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

2017 жылы І тоқсанында «Даму» қорының «Даму-Көмек» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған жобасы бойынша 6 демеушілік көмек көрсетілді. Сонымен қатар «Айналым капиталы және шығындарды басқару» тақырыбында семинар-тренинг және мүмкіндігі шектеулі адамдар өз қолдарымен жасаған заттарын сатуы үшін «Мейірімді көктем» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында осы кезең ішінде 1 837 адамға әр түрлі консультациялар көрсетілді.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша 20 іс бастаушы оқытылды.

«Start up Академия» шеңберінде акселерация арқылы бизнес негіздерін үйренуге жақсы мүмкіндік ұсынылды. Осы уақыт ішінде басқару, салық, құқықтық және бизнес-жоспарды құру негіздерінен 20 жас тәлім алды. Осы жоба шеңберінде «Даму» алматы қаласының аймақтық филиалы және Евразиялық технологиялық университеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, 57 кәсіпкер Астана қаласындағы «Назарбаев Университеті» бизнес мектебінің негізінде тағлымдамадан өтуге өтініш берді.