24.09.2018
Алматы қаласының кәсіпкері Аида Болатқызы дайын бұйымдарды компьютерлік бағдарламамен тігумен айналысады. Іскер кәсіпкердің клиенттерсаны өсті, өз тігін шеберханасын ашуды ойластыра бастады. «Даму» қорының мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы біліп, несие алудың барлық мүмкіндіктерін анықтады. Одан кейін банкке несие алу үшін өтініш берді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы Аида Болатқызы 6%-бен несие арзан алды және «Даму» қорының кепілдігін пайдаланды. Несиеге кәсіпкер тігін шеберханасына қажет жылжымайтын мүлік сатып алды.
Қазірдің өзінде Аида тоқыма материалдарының кез-келген жеріне жазу, сурет салып беруге тапсырыстар алады.
Енді Алматы тұрғындары Аидаға тапсырыс беріп өз өнімдерін, киімдерін брендтеуге кез-келген үлгі бойынша тапсырыс бере алады. Тігін шеберханасының мекен-жайы Алматы қ., Навои көшесі 37, 414 кеңсе.