menu
Жабу

Шымкент қаласындағы ірімшік өндіруші «Даму» Қорының кепілдігімен несие алды.

Жаңалықтар
14.09.2018

Шымкент қаласындағы ірімшік өндіруші жылына 14,0%-бен АҚ «Қазақстан Халық Банкінен» «Даму» Қорының кепілдігімен 116,0 млн теңге көлемінде несие алды. Қаражат сүтті өңдеу үшін жабдық сатып алуға бағытталды. 

Түркістан облысының Сайрам ауданындағы  халықтың көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Дегенмен, оларды сауған сүттерін өткізетін жер тапшылығы қинайтын. Сол кезде кәсіпкер бауырлар Яркин және Данияр Эргешовтер жергілікті халықтан шикі сүт сатып алумен айналыспақ болды.

Алдымен олар сүт тасымалдайтын көлік сатып алды, сүтті жинады және әрі қарай қалаға апарып өткізіп жүрді. Бизнес дами берді. Ағалы-інілі кәсіпкермен жұмыс істегісі келетіндер саны көбейді. 1,5 тонналық сүт тасымалдайтын көліктен тағы екеуін сатып алды. Сөйтіп жиналған сүтті «Фудмастер» сүт өндіруші зауытына жеткізе бастады. Қазір олар жеке жүргізушісімен салқындатқышы бар (-3 градусқа дейін) сүт тасымалдайтын 5 көлікке ие.

2001 жылы бауырлар «Эм-Нұр» брендімен қаймақ, сүзбе және ірімшік секілді өнімдер  шығаратын жеке өндірісін бастады.

Ал 2018 жылы тек ірімшік өндірумен айналысуды шешті, ол үшін түрік технологиялары бойынша ірімшік қайнатудың қыр-сырын білетін тәжірибелі технологтарды тартты. Несие қаражатының есебінен сыйымдылығы 12 тонна болатын бумен ірімшік қайнататын қазандық, тоңазытқышты жабдық және буып-түйілмелі желісі бар зауытты ашты. Барлық жабдық түрік елінікі, күніне 30 тонна «ірімшікке жарамды» сүтті өңдейді.

Ірімшікті қайнату үшін шикізат – ірімшік өндірісі үшін сәйкес келетін және галштино-фризов тұқымды сиырдың майлы сүті сатып алынады. 1 кг ірімшік алу үшін 10-12 кг сүтті өңдеу керек, қалғаны өндірістік қалдық болып саналады. Зауыт айына 206 тоннаға дейін ірімшік шығара алады.

Қазір 160гр, 400 гр, 800 гр, және 2 кг-дық қаптамадағы «Голландық» ірімшігі, «Брынза» ірімшігі, «КашарПейнир» ірімшігі, «Моцарелла» ірімшігі шығарылады. Дайын тауар оңтүстік аудандарында, Астана және Алматы қаласында сатылымға шығады.

Қазір зауытта 38 адам жұмыс істейді.