menu
Жабу

Каспий жағалауында жаңа қонақ үй ашылды

Жаңалықтар
18.09.2018

«Приморский» қонақ үйінің тарихы 2011 жылы басталған. Ол кезде «Достар» жағажайы маңынан 0,5 га жер сатып алған кәсіпкер қонақ үй тұрғыза бастаған болатын. Қонақ үйде ресторан, бар, холл, жаттығу залы мен бассейн бар болатын. Екінші және үшінші қабатта қонақтарға арналған жатын-жайлар, шатырда Каспий теңізіне қарап отыруға ыңғайлы терраса бар.

Құрылысты аяқтап, жабдықтар орнатуға қаржысы жетпеген кәсіпкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы жылына 16%-бен несие рәсімдеуге кіріседі. Оның 7%-ы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидияланады. Сонымен бірге «Даму» Қорының кепілдігі 50%-ды құрады.

Бүгінгі күні барлық жөндеу жұмыстары аяқталып, «Приморский» қонақ үйі Ақтыаулықтарға есігін айқара ашқан.