menu
Жабу

Алматы облысында кәсіпкер жаңа бағытта бизнес ашты

Жаңалықтар
14.04.2017

Гүлнар Досмұхамбет 2011 жылдан бері Қытайдан тауар тасып Жаркент қаласындағы базарларға таратумен айналысқан. Осылай ұсақ-түйек сауданың арқасында қаражат жинап, туған жері Ұзынағаш ауылында жеке дүкенін ашты. Бүгінгі таңда кәсіпкер әйел Жамбыл ауданының орталығында 5 дүкеннен тұратын сауда желісін басқарып отыр. Азық-түлік тауарынан басқа Гүлнар Досмұхамбет халық күнделікті қолданатын тауарлар сатумен де айналысады.

Біртіндеп Гүлнарға өз дүкенінің екінші қабатында тренажерлі жаттығу залын ашу идеясы келеді. «Еуразиялық банк» АҚ арқылы 14 пайызбен 12 млн теңге қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар алды. Пайыздың 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Одан бөлек, «Даму» қорының 1 200 000 теңге құрайтын кепілдігін де пайдаланған.

«Даму» қорының субсидиялаудан бөлек кепілдеме беру құралын да пайдаландық. Дүкен құжаттары несиелендіру кезінде мүлікті заңдастыру шарасы аясында дайындалып жатқан еді. Сол кезде кепілдікке қоятын бір ғана дүкеннің құжаты дайын еді. Жоба бойынша 12 млн теңге қаражат керек болды. Әрине ол үшін 1 200 000 теңге кепілдік жетпей тұрған. Сол кезде мемлекеттің тиімді бағдарламасы көмек болды»,-дейді Гүлнар Досмұхамбет Гүлнар.

Қазіргі таңда фитнес залы мен дүкені бар ғимараттан бөлек, сән салоны мен салауатты тамақтандыру кафесін ашу жоспарда бар.