menu
Жабу

Павлодардағы жұмсақ жиһаз өндіретін компания мемлекеттік қолдаудың арқасында Ақтау қаласында цех ашты

Жаңалықтар
11.10.2018


Виталий Альбертович Битнер, «Город Мастеров ИП Битнер» компаниясының басшысы, әкесі Альберт Вальдемарович бастаған жұмысты жалғастыруда. Өзі туралы Виталий Битнер былай дейді: «Мен қарапайым адаммын, уақытты үнемдеуге, табысты болуға тырысамын».  Менің жасаған барлық істерім - менің отбасым, балаларым үшін және, ол қаншалықты қатты айтылсада да, жан дүниеммен сұйіп өскен елім Қазақстанның мәртебесі үшін. Біздің бизнес отбасылық бизнес. Біз жұмсақ жиһаз, дивандар жасаймыз. Біз айына 1-3 дивннан бастадық, қазір біз бүкіл Қазақстан бойынша иелерін табатын 150-ден астам дивандар шығарамыз».              

Битнер отбасы бизнеске 90-шы жылдары келді, әу баста жүк тасымалынан бастады, біраз уақыттан кейін олар жұмсақ жиһаз жасау идеясына келді. Сол кезде жиһаз шығаратын компаниялар өте аз болды.
Виталий Битнер сол кезең туралы былай дейді: «Біз жиһазды өзіміз жасауға тырыстық. Біз сол жылдары жиһаз өндіруші компаниялардың жоқ екенін, осы саланың болашағы бар екенін көрдік. Алдымен біз жиһаз жасауға болатын орын таптық. Біз бұл үшін барлық қажетті нәрсені алдық, біз оны өзіміз жинай бастадық. Тиісінше, біз осы өнімдердің, материалдар мен механизмдердің сапасының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіне бастадық.                     
Компания жұмыс істеп келе жатқан жылдар ішінде жұмсақ жиһазды өндіру мен сатуда айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. 2009 жылдың 10 мамырында Павлодар қаласында өзінің «Альтаир» сауда үйінің салтанатты ашылуы өтті. Бүгігі таңда фирма 

Виталий Альбертович пен Альберт Валдемаровичтің басшылығымен Павлодар облысының ең ірі жиһаз кәсіпорындарының ондығына кіреді. Заманауи неміс жабдықтарымен жабдықталған фабрика балалар бөлмесінің , жатын бөлмелердің, қонақ бөлмелері мен дәліздерге арналған жиһаздың және жұмсақ жиһаздың отыздан астам танымал және заманауи өнімдерін шығарады. Қолданылатын өнімдер мен материалдардың сапасы тиісті сертификаттармен расталады және сол сияқты неміс аналогтарынан әлдеқайда кем емес. Виталий Битнер «Бизнес жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау және бизнесті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бизнес Байланыстар» жобасынан өтіп, сенімін тапты.  
«Город Мастеров» компаниясының өнімдері Қазақстанның 20-дан астам қалаларының нарығына жеткізіледі. Бүгінгі күні жиһаз өндірісі бойынша бәсекелестік өте жоғары. Виталий Битнер бәсекелестіктен қорықпайды, керісінше, бәсекелестікт бизнестің дамуына серпін береді деп ойлайды.
«Біздің жиһазды сатып алатын тапсырыс беруші бізге сенім білдіріп отыр. Бұл біз үшін өте маңызды, сондықтан біз әдемі, заманауи және ең маңыздысы сапалы жиһазды жасауға тырысамыз », - дейді Виталий Битнер.

Жақында компания Ақтау қаласында тағы бір цехті іске қосты. Цехтің іске қосылуы өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ қолдау бағдарламасымен «РБК Банкі» АҚ берілген 6% -ық 60 млн. теңгеден астам несиенің арқасында мүмкін болды. Компания өндірісті ұлғайтуды және Ресей нарығына шығуды жоспарлайды.