«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының Атырау аймақтық филиалы 2017 жылдың І тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
18.04.2017

«Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері Атырау облысында субсидиялау бойынша барлығы 54 млрд теңге көлемінде 425 жоба мемлекетік қолдауға ие болды.

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінде барлығы 2,712 млрд теңге сомаға 43 жоба мақұлданды. Несие сомасы 2,937 млрд тенгенің 33 субсидиялау шартына қол қойылды.

Ең көп жоба Жылыой ауданы (53%) мен Атырау қаласында (47%).

2017 жылдың 1 тоқсанында Атырау қаласында субсидиялау бойынша «Центр Кредит Банкі» АҚ, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ шарт саны бойынша алда болса; несие сомасы бойынша «Qazkom» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұр Банк» АҚ несие сомасы бойынша алда.

Қаржыландырылған жобалардың арасында көлік және қоймада сақтау бөлімінде (68%), тұрғын-жай және қоғамдық тамақтану қызметі (21%), өңдеу өнеркәсібі (9%),(27%) көш бастап тұр.

Бағдарламаның жүзеге асу барысында барлығы 209 жоба мақұлданды. Оның ішінде 5,025 млрд теңге құрайтын 179 кепілдендіру шартына қол қойылса, кепілдендіру сомасы 2,336 млрд.

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша 20 жоба кепілдендірілді, несие сомасы 310,3 млн. теңгені құрайтын 15 жоба кепілдендірілді. Кепілдендіру сомасы 184,87 млн. теңгені құрады.

Қаржыландырылған жобалардың арасында кепілдендіру бойынша көп қамтығаны Жылыой ауданы (60%), Атырау қаласы (33%), Құлсары қаласы (7%).

Атырау облысында 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша кепілдендіру құралдарын жүзеге асыруда 5 екінші деңгейлі банк атсалысты. Оның ішінде белсенділері «Центр Кредит Банкі» АҚ, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ ЕБ, «Альфа Банкі» АҚ.

Сонымен қатар «Даму» Қоры кәсіпкерлерді бейқаржылай қолдауды жалғастырып келеді.

«Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары бизнес мектебі жанында ШОБ-пен жұмыс істеп жүрген жетекшілердің құзіретін көтермелеу мақсатында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 21 өтініш қабылданды.

2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 1090 кәсіпкерге 1821 қызмет түрлері көрсетілді. Кәсіпкерлерді қолдау мобильді орталығының кеңесшісі Атырау облысының 6 ауданына барып, 204 адамға 284 қызмет түрлерін көрсетті.

«Даму – Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 2 кәсіпкер споносорлық көмекке ие болды.

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру шеңберінде 25 адам оқытылды. Оның ішінде 7 адам өз кәсіпкер ретінде тіркеліп, 3 адам өз кәсібін ашып, мемлекеттік қолдауға ие болды.

Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы университетінде «Startup Академиясы» жобасы аясында 29 адам оқыттылса, соның ішінде DemoDay-ға 11 стартап жоба ұсынылды. Конкурс қорытындысы бойынша 2 жеңімпаз стартап жобасына 200 мың теңге тәлімгер кәсіпкерлермен көмек көрсетілді.