menu
Жабу

Тараз қаласында "Еңбек" бағдарламасының көмегімен кинотеатр ашылды

Жаңалықтар
21.11.2018

2018 жылдың қазанында Даму қоры Тараз қаласындағы кинотеатр қызметін көрсететін жобаға қолдау жасады.

IMG_0869.JPG

Қордың 4 млн теңге кепілдігінің арқасында, (пайыздық мөлшерлемеге шаққанда несиенің 27% құрайды) «Сбербанк» АҚ ЕБ 6% мөлшерлемемен 5 жылға 15 млн  теңге несие беру туралы шешім қабылдады. Несие Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеберінде берілді.

IMG_0863.JPG

«Премьер Казахстан» ЖШС төрайымы Джусупова Дана Даулетбайқызы ЖШС ретінде шілде айында ресми тіркелді,  ЖШС қазіргі таңда кино көрсету қызметімен айналысады (жастар демалыс орталығы).  Бизнесін жүргізу үшін жалпы ауданы 1 453,5 ш.м. болатын ғимаратты жалға алды. Оның ішінде 3 кинофильм залы мен бар тақтайшаларымен қоса. Казіргі таңда қызметкерлердің жалпы саны 17 адамға толықты.  Клиент Sulpak Cinema, 20 век Фокс сияқты ірі кинопрокат компанияларымен келісім-шарт жасасты. Клиент несиені «Shtorm» компаниясынан кинотеатрға қажетті жабдық сатып алу үшін пайдаланады.

IMG_0857.JPG