«Fightclub.kz» компаниясы 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді және джиу-джитсу, дзюдо, бокс, кикбоксинг секілді әртүрлі жекпе-жек түрлері бойынша жаттығу қызметін ұсынады. 2017 жылы «Fightclub.kz» компаниясы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында банк несиесінің мөлшерлемесін субсидиялап, қолдау алған.
Клубтың негізін қалаушылар көп уақыттан бері ыңғайлы және кәсіби күрес залын іздей бастады. Жекпе-жек клубын құру идеясы пайда болған соң «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдау алу жайын естіп банкке барды. Qazaq Bankiнен алған несиені спорт кешенін құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықтарды сатып алуға жұмсады.
Қазіргі күні Достық даңғылы 105 мекен жайында орналасқан «AlmatyFightClub» спорт клубы 2000 шаршы метрді құрайтын қос қабатты ғимаратты алып жатыр және ең заманауи құралдармен жабдықталған.
Мұнда ең үздік халықаралық жаттықтырушылар сабақ беріп, ринг жұлдыздары жиналады, ал спортсүйерлер бірінші санатты қызмет көрсететін спорт залдарында өздерін жайлы сезінеді. Сонымен қатар, клуб бағдарламасына кроссфит пен топтық фитнес-бағдарламалар енгізілген, және сізге сәйкес келетін сабақты, жеке сабақтар немесе шағын топтардағы сабақтарды таңдауға мүмкіндік бар. Мұнда баланы фитнес тобына беруге, жаттығулардың жеке бағдарламасын және басқа да көптеген бағдарламаларды таңдауға болады.
«Fightclub.kz» клубына табыс пен өркендеу тілейміз!