27.11.2018
«Green House KZ» компаниясы – голланд раушан гүлінің Red Naomi сортын өсіруге арналған қазіргі заманғы сай жылыжай кешені. 2006 жылы голландия селекционерлері бұл раушан гүл сортын модель Наоми Кэмпбеллдің құрметіне атады. Red Naomi - Голландиядағы ең сатылымы жоғары гүл түрінің бірі болып саналады әрі бүкіл әлемге әйгілі. Гүл сабағының ұзындығы 40 сантиметрден 90 сантиметрге дейін жетеді. Гүл жоғының биіктігі 5 сантиметрден 6 сантиметрге дейін. Толық ашылғанда гүл шоғының диаметрі 12 сантиметрге жетеді. Гүлдің өзі үлкен - ол 80 жапырақшаға дейін болуы мүмкін. Раушан гүлі өте нәзік барқыт қызыл түсті және тікенегі аз.
Жылыжай 2015 жылы Екібастұз қаласында салынған. Аумағы 50 мың шаршы метрден асады. Жылыжай кешендерін салу барысында әлемдік көшбасшы - голландияда танымал Van der Hoeven компаниясы жобалаған. «Green House KZ» ЖШС қазір Қазақстандағы қызыл раушан гүлінің ең ірі өндірушісіне айналды.
Жылыжайда Голландиядан және басқа елдерден келген білікті агрономдар жұмыс істейді. Green House kz Қазақстан, Ресей және басқа да елдер компанияларымен серіктес. Компания директоры Айтмағамбет Сәрсенбекұлының айтуынша, Екібастұзда өсетін раушан гүлдерін Мәскеу дистрибьюторлары сатып алады да Ресейдің орталық бөлігінде және Солтүстік Кавказда, сондай-ақ Сібір, Новосібір және Краснояр қалаларындағы өз желілері арқылы таратады.
2016 жылы рашан гүлін өсіретін жылыжайдың жанында Green House kz қазір қызанақ өсіретін екінші жылыжай салды. Жылыжай кешенін салу үшін несие және жеке қаражатын жұмсады.
Компания «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау алды. Қазақстан Халық Банкі 2 млрд теңгеден астам сомаға жылыжай кешенін салуға несие берді. Несие мөлшері 13,5% құрады, оның 10%-ын мемлекет субсидиялады.