2018 жылдың 22 қарашасында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ БҚО бойынша аймақтық филиалы осы бағдарлама шеңберінде көмек көрсетілген жергілікті кәсіпорындарда пресс-тур ұйымдастырды. Бұл компаниялар:
- «Оралдық «Диана» тігін фабрикасы» ЖШС. Компания арнайы киімдер өндірісімен айналысады. «Альфабанк» АҚ алған 10 млн теңге несиеге (кепілдік сомасы 5 млн теңге) «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша компания тігін өндірісіне қажетті қондырғыларды (кесте тігетін машина, ілмек жасау машинасы, түйме қадаушы машина, бекітуші машина, өнеркәсіптік тігін машина, кез-келген материалды пішуге арналған стационарлы ленталы машина, қап тігетін машина) сатып алды. Бұл қондырғылар өндіріс жұмысын жеңілдетіп, шығарылатын өнім сапасын бақылау жұмыстарын оңайлатады.
- «Орал полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС газ бен су және канализация желілеріне арналған ПЭ құбырларын өндіріп сатады. Сонымен қатар кез-келген құбыр желісін монтаждау қызметін көрсетеді. Компания тұтынушыларға осы санаттағы өнімдерге қойылар стандарт талаптарына сай жасалған ПЭ құбырларының алуан түрін ұсынады.
Мұның ішінде диаметрі 32-630 мм аралығындағы су құбырлары мен диаметрі 32-630 мм аралығындағы газ құбырларын айтуға болады. Компания штаты ПЭ құбырлар өндірісі саласында тәжірибесі мол білікті мамандардан жасақталған. ПЭ құбырларды өндіру процесінде тығыздығы жоғары, төмен қысымды РЕ100 маркалы полиэтиленнің жоғары сапалы шикізаты ғана қолданылады.
«Орал полиэтилен құбырлары зауыты» ЖШС өндіріс көлемін арттырып, өнім сапасын күшейтетін инновациялық технологияларды пайдаланады. Өндірісте қолданылатын технологияларды енгізу үшін ТМД елдерінің майталман мамандары тартылды. Сонымен қатар кәсіпорын немістің әлемге танымал «Kraus Maffai Technologies GmbH» компаниясының қондырғысымен жабдықталған. Кәсіпорын кәсіпкерлерді қолдауға негізделген «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қазақстанның Халық банкі» АҚ арқылы 200 млн теңгеге қаржыландырылып, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша көмек көрсетілді. Бұл қаржыға өнеркәсіптік қондырғы сатып алынды.
- «Доктор Самат» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өз қызметінің аясын кеңейтті. Кәсіпкер Самат Ихласовтың «DostarStom» стоматологиялық кабинеті 2017 жылдың сәуірінде ашылған еді.
Ол несиеге стоматологиялық қондырғы сатып алып, өз ісін кеңейтті. Бүгінде емдеу мекемесінде 3 стоматологиялық кабинет, рентген кабинеті, клиенттердің күту залы мен ресепшн бөлмелері бар. «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 20 млн теңге несие алынды, кепілдік сомасы 16,9 млн теңге.
- «Алмагуль» ЖК иесі, кәсіпкер Давыдова Алмагүл Серікқызы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕК алынған несиеге бахила өндіретін қондырғыны сатып алды. Несие мөлшері - 4 млн теңге, кепілдік сомасы - 2,9 млн теңге. Даму Қорының кепіл болуы арқасында жылдық мөлшерлеме 6% көлемінде. Қуаттылығы 3 КВт қондырғы минутына 120 дана бахила шығарады. Бұл кәсіппен айналысу үшін арнайы білімнің қажеті жоқ. Өйткені технологиялық процесс барынша қарапайым. Қазақстанда жасалған пленка қолданылғандықтан, өнімнің 75% отандық болып саналады. Орал қаласы мен облыс аумағындағы бахилалар Ресейден немесе Қазақстанның өзге қалаларынан әкелінетіндіктен, кәсіпкер осы іспен айналысуға бел буыпты. Нарыққа талдау жасаған клиент Орал қаласында осы өндірісті жолға қоюға кірісті. Кәсіпкер өз өнімін облыстағы медициналық мекемелерге, косметологиялық және SPA – салондарға, тағам және химия өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға ұсынады.
Еліміздің аумағында шағын және орта бизнесті дамыту ісі бүгінде ең қызу талқыланатын мәселе қатарында. Шағын және орта кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту ісіне сүбелі үлес қосып, мемлекеттің дамуына оң ықпал етеді. Олардың бірі «Бизнестің жол картасы-2020».
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Калиашанов Нұржан Бауыржанұлының айтуынша:
«Мұндағы мақсат - кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ісі мен бағдарламалар жайынан халықты хабардар қылу. Бұл ауқымды жұмыс Даму Қорының көмегімен жүзеге асырылып келеді. Осындай қолдау жасалған адамдар мен кәсіпорындарды көрсету арқылы біз кәсіпкерлерге өз ісін ашып, мемлекет көмегіне сүйенуге болатынына көзін жеткізгіміз келеді. Мемлекет өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен жұмысын жолға қойған азаматтарға арнап көптеген бағдарламаны іске асырып жатыр. Сондықтан тынбай еңбектену керек. Бұған қоса оқыту курстары да қолға алынды. Мұнда белгілі бір кәсіпті бастап, дамытудың тетіктері мен қыр-сыры үйретіледі».