30.11.2018
«Евротекстиль» ЖК директоры Зүльфия Оразғалиева туралы мақалалар бірнеше рет «Даму» қорының сайтында жарияланған. Суретші-дизайнер, театр және кино режиссері, суретшісі Зүльфия Оразғалиева бірнеше міндетті қатар алып жүрген жан.
Шебер ана 2011 жылдан бастап Орал қаласында жеке тапсырыстар бойынша перде тігуді бастады. Осы салада он жыл тәжірибесі бар Зүльфия өз студиясын ашу туралы армандайтын. Алайда несиенің банктер ұсынатын пайыздық мөлшерлемесі істі жаңа бастаған кәсіпкер үшін ауыр еді.
Ол «Даму» Қорына келіп кеңес алып, пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігінің субсидиялануы, несие алуға кепілзат жетпеген жағдайда Қор тарапынан берілетін кепілдік сияқты мемлекеттік қолдау түрлері туралы ақпаратқа қанды.
2012 жылдың қаңтарында Зүльфия жеке кәсіпкер ретінде ресми түрде тіркеліп, сол жылы желтоқсан айында ғимарат сатып алу үшін 14% пайызбен несие алды, пайыздық мөлшерлеменің 7%-ын «Даму» қоры арқылы субсидиялады. Сондай-ақ, кепілзат жеткіліксіздігі мәселесі «Даму» қорының кепілдігі арқылы шешілді. Мемлекеттік бағдарламаға қатысу арқылы кәсіпкер өз салоның ашып ғана емес, оның қызметін кеңейтуге де мүмкіндік алды. Қазір кәсіпкер кәсібінің жаңа бағытын дамытуды, атап айтқанда, жұмыс киімдерін тігуді жоспарлап отыр.
Жақында Зүльфия Мергенқызы салонның «Евротекстиль» деген атауын «Azel» дизайн студиясы» деп өзгертуге шешім қабылдады. Өндіріс өсіп, кеңеюде, биыл қазан айында жаңа ғимарат сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы Батыс Қазақстан облысының «Даму–Ақжайық» шағын және орта бизнесті өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша 8,5 % пайызбен несие алды.
Қаланың тағы бір жерінде салон ашу клиенттер қатарын кеңейтіп, жұмыс орындарын көбейтеді.
Бүгінде @azel_design_studio ресми парақшасындағы суреттерден шынайы шедеврлердің қалай жасалып жатқанын байқауға болады.