menu
Жабу

ШҚО Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында 5 жоба мақұлданды

Жаңалықтар
24.04.2017

Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің соңғы отырысында 5 жоба, атап айтқанда Зырян, Ұлан және Үржар аудандарында бір-бірден, Өскемен қаласында 2 жоба бекітілді. Оның ішінде:

  • - «Құс фабрикасын құру» бағытында «Oskemenkus» ЖШС жобасы;
  • - Дәнді және бұршақты дақылдарды өсіру бойынша операцияларды механикаландыру жобасы «Nikolskoye 1» ЖШС;
  • - «Өскемен конденсаторлық зауыты» ЖШС «Энергия үнемдейтін жабдықтарды жобалау және өндіру» жобасы;
  • - «Өскемен құс фабрикасы» АҚ еті құс өсіру жобасы.

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ - құс етін өндіру бойынша Қазақстандағы ең ірі зауыт. 40 жыл бұрын ашылған. Қазір компанияда 800-ге жуық адам жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания Қазақстанға әйгілі «Кус&Вкус» брендімен өнімдерін шығарып отыр. Өскемен құс фабрикасының өнімдері ауқымды. Өнім ассортименті жартылай салқындатылған маринадта 14 түр, мұздатылған 30, тоңазытылған 32 түрлерін қамтиды. Барлық тауар халықаралық стандарттарға сәйкес, «Эко» белгісімен «Халал» талаптарына сай жасалады. 2010 жылдың желтоқсан айында құс фабриуаксы «Үздік азық-түлік өнімі» номинацияда «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында жеңімпаз болды. Өткен кездесуде тұтынушыға 700 млн теңге мөлшерінде субсидия бекітілді.

Отырыста барлығы 938 млн теңгенің жобасы бекітілді. Бұл жағдайда қарыз алушының қолына несие 3 пен 8% пайыз аралығында тиеді.