menu
Жабу

«Даму» Қорының БҚО филиалы облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы бойынша баспасөз маслихатын өткізді

Жаңалықтар
12.12.2018

IMGL0751.jpg

2018 жылдың 11 желтоқсанында БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Батыс Қазақстан облысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы» тақырыбында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ аймақтық филиалының директоры Нұржан Бауыржанұлы Қалиашановтың қатысумымен баспасөз маслихаты өтті.

IMGL0747.jpg

2018 жылдың 11 айында Батыс Қазақстан аймағында несиенің 11,4 млрд. теңге болатын жалпы сомасы 53 субсидиялау келісім-шарттарына қол қойылды. Субсидиялау бағдарламасы барысында несиелік портфелдің 92 млрд. теңге болатын 720 жоба мақұлданды. Екінші деңгейлі банктерде қаржыландыру кезінде кепілдік қамсыздандырудың жетіспеушілігі жағдайында, аталмыш бағдарлама аясында кәсіпкер Даму қорының кепілдемесін де пайдалана алады. Яғни, әрекет етуші кәсіпкер Банктен несие құнының 50% мөлшерінде несие алу мүмкіндігіне ие болады, жас кәсіпкер несие сомасынан 85% дейінгі мөлшерде Қор кепілдемесін ала алады. 

IMGL0745.jpg

Биылғы жылдың 11 айында Батыс Қазақстан облысында кепілдеме бойынша несиелік портфелдің 2,4 млрд теңге болатын жалпы сомасына 91 жоба мақұлданды.

IMGL0728.jpg

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы – 6% жылдық есеппен 6 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бизнес-жобаларды жүзеге асыруға арналған. Даму қорының кепілдемесімен жұмыссыз, кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін микронесиелеу қарастырылған.

IMGL0719.jpg

2018 жылдың 11 айында серіктес-банктермен жалпы сомасы 847,9 млн.теңге болатын 97 жоба, ал «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы аясында жалпы сомасы 220 млн.тг болатын 2 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, Даму қоры Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге «Даму-Ақжайық» бағдарламасы бойынша БҚО аумағында тіркелген және қызмет ететін СШОК қаржыландыруға қаржы бөледі. Ағымдағы жылдың 11 айында серіктес-банктермен бағдарлама аясында жалпы сомасы 1 647,4 млн.тг болатын 42 жоба қаржыландырылды.  

IMGL0729.jpg

Биыл елімізде «Қазақстандағы төмен көміртекті дамыту үшін тұрақты қалалар» атты жаңа бағдарлама қабылданды. Бағдарлама энергосервистік компанияларды қолдау мен дамытуға бағытталған. Осы орайда несиенің жалпы сомасы 40 млн.теңге болатын 1 жоба мақұлданды.