23 желтоқсанда «Марафет» сұлулық салонының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жақсы жаңалық барлық қыз-келіншектерді қуантты. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған кәсіпкер Нұрғалиева Әсел өзінің арманына бір жылдан аса уақыт жетті. Өз жолын жас кәсіпкер Еуропа чемпионы - Виктория Станевичтін макияж және боди-арт оқу курстарынан бастады.
Толық білім базасын алғаннан кейін, Әсел боди-арт бойынша Қазақстан Чемпионатында 1-ші және 2-ші орынды иеленді, ал Азия чемпионатына қатысып 3-ші орын алды. Бұл ретте оның табысқа апарар жолы тоқтаған жоқ, ол акварельдік техника шеберлігін үйреніп жеке және топта оқу кустарын ұйымдастырады.
Сұлулық саласында жұмыс бараысында тәжирибе жинап Әсел әйелдердің көпшілігі макияж және перманентті макияж қызметтерін жие пайдаланады деген шешімге келеді. Өйткені әр әйел адам таңертең көп күш жұмсамай әдемі көрінгісі келеді. Осы оймен кәсіпкер перманентті макияж студиясын ашуға бел буады, бірнеше соманы жинақтап, студиасына араналған ғимарат сатып алады, ал жөндеу жұмыстарын жүргізу мен керек жабдықтарды сатып алу үшін Кәсіпкер «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен несие алды. Сонымен қатар, ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде кепілзат жеткіліксіз болғандықтан «Даму» Қорының кепілдігіне ие болды. Кәсіпкердің арманы «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асты.