Маңғыстау облысында пайыздық мөлшерлеме, көмек көрсету құралдары мен кәсіпкерлікті дамыту құралдары тұрғысынан ең ыңғайлысы - шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік «Нұр-Капитал» бағдарламасы.
Бағдарлама бойынша кәсіпкер жылына 8,5%-бен қаржы ала алады. Оның 7,5%-ые жергілікті бюджет 5 жылға субсидиялайды. Осылайша, кәсіпкер үшін төлейтін мөлшерлеме 1%-ды құрайды. Несиенің максимал сомасы - бір кәсіпкерге 30 000 000 теңге. Мемлекеттік қолдаудың осындай тартымды құралдарының бірін Жаңаөзен қаласының кәсіпкері, ИП Әбішев Бекжан Сайынұлы пайдаланған болатын.
2017 жылдан бастап ісін жүргізіп келе жатырған кәсіпкер, Әбішев Бекжан Саинұлы Жаңаөзен қаласынан Көктем шағын ауданында орналасқан медициналық орталықты өз қаражатымен құрылысын бастаған. Меншікті қаражаттың жетіспеушілігін ескере отырып, кәсіпкер «Қазақстанның Халықтық жинақ банкі» АҚ Жаңаөзен өңірлік филиалына қаржыландыру үшін өтініш жасады. Кәсіпкерге шағын және орта бизнестің аймақтық қолдау «Нұр-Капитал» бағдарламасы, сондай-ақ «ДАМУ» қорының кепілдігі ұсынылды. Несиелік қаражат жиһаз, медициналық жабдықтар, ультрадыбыстық аппарат, операциялық үстел, стоматологиялық, офтальмологиялық жабдықтар жиынтығы және тағы басқа құрал-жабдықтарды сатып алу жұмсалды. Орталықтың жобасы 1600 шаршы метрден астам 3 қабатты ғимарат.
Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында ересектер мен балаларға амбулаторлық режимде көпсалалы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық орталықтың салтанатты ашылуы өтті. Орталықтың басты профилі стоматологиялық қызметтер болып табылады, өйткені кәсіпкер өзі білім алу арқылы стоматолог болып табылады. Денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды ашу үшін, 2018 жылдың қаңтарында кәсіпкерге медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия берілді.
Осы жоба шеңберінде 10 жұмыс орны құрылды, қосымша 5 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
2018 жылғы 7 желтоқсандағы жағдай бойынша бағдарламадағы серіктес банктер несие сомасы 765,87 млн. теңгені құрайтын 39 жоба мақұлдады, бұл орналастырылған қаражаттың 42% -ын құрайды. Олардың ішінде 438,28 млн. теңгеге 19 жоба қаржыландырылды. Бекітілген жобаларға сәйкес, 351 жұмыс орнын құру болжанып отыр, жобаның құны 19,94 млн теңге несие алу үшін 9 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.