"Ақшағала" кешені кір жуу мен монша қызметін ұсынады. Алишаев Саян Абдумауленұлы өз қаражатына монша кешені мен кір жуу орнын салып, 2013 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады.
Кір жуу қызметіне деген сұраныстың артуына байланысты Саян Абдумауленұлы осы кәсіп аясын кеңейтпек болды. 2017 жылдың қазан айында кір жуатын орынға 2 қабатты қосымша құрылыс салу басталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін кәсіпкер "Қазақстан Халық банкі" АҚ арқылы кір жуатын орынға арналған жабдықтар сатып алу үшін несие алды.
Жобаны Даму Қоры "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында қолдап, 5,6% мөлшерлемесін субсидиялады.