Сәбира бала кезінде әкесінің жұмыс орны – тіс емханасынан шықпайтын. Келген сайын ақ халат киген мамандарға қарап отырып, өскенде өзі де ақ халат киіп, адамдарды емдесем деп армандайтын.
Мектепті бітіргенде Сәбира қай мамандыққа баратынын анық білді. Алдына нақты мақсат қойған түлек Астана Медицина Университетіне түсіп, диплом алып, стоматолог атанды.
Мұны місе тұтпаған Сәбира өз ісінің үздігі болуға ұмтылды. Алдымен көмекші, кейін клиникада стоматолог болып жұмыс істей бастады.
2016 жылы тәжірибе жинап, өзіне деген сенімі күшейген маман ересектер мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету үшін ауыз қуысы ауруларын емдейтін стоматологиялық клиника ашу туралы ойға келді. 2017 жылы кәсіпкер Сбербанк арқылы несие алып, мамандандырылған клиникаға үй-жай сатып алуды шешпек болды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алуға болатынын біліп сәбира «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына келді.
- «Банкке хабарласқанымызда біз бірқатар проблемаларға тап болдық. Несиенің пайызы жоғары және кепілзатымыз жоқ. Банк қызметкерлері «Даму» қорынан қолдау алуды ұсынды. Дереу хабарласып, Қор туралы мағлұмат алдым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында банктегі несие бойынша пайыздық мөлшерлеме айтарлықтай арзандады. Біз үшін бұл өте жақсы қолдау», - дейді клиниканың жетекшісі Сәбира Таңсықбаева.
Қазір «ST Clinic» стомотологиялық клиникасы терапия, хирургия, имплантология, ортопедия, ортодонтия бойынша қызмет көрсетіп, балаларды қабылдайтын мамандандырылған клиникаға айналды. Клиникада барлық талаптарға сай келетін заманауи, жаңа жабдықтар орнатылған.
«ST Clinic» стомотологиялық клиникасы Астана қаласы, Түркістан көшесі 34 мекенжайында орналасқан. Тел: +77081114800, +77781115456.
Инстаграм: @_ST_Clinic
Жұмыс тәртібі: 09.00-21.00 дейін үзіліссіз және демалыссыз.