Самокат – соңғы онжылдықта балалардың ғана емес, ересектердің де таңдауына аналған өте танымал көлік. Қазір олардың түр-түрі бар.
Трюк жасайтын самокаттар. Олар жастар мен жасөспірімдерге түрлі трюк жасауға ыңғайлы. Мұндай скутерлердің айрықша ерекшеліктерінің бірі – дөңгелектері шағын, берік, жиналмалы механизмі бар және тамаша дизайн.
Қала көшелеріне арналған самокаттар. Бұлар көліксіз-ақ діттеген жерге тез жетіп алуға мүмкіндік береді. Олардың дөңгелектері үлкен, қимыл-қозғалысқа ыңғайлы.
Балаларға арналған самокаттар. Олар ересектерге арналған модельдерге қарағанда шағындау, қарапайым, жарқын дизайнды, қосымша аксессуарлары бар. Мұндай самокаттарда екі немесе үш дөңгелек болуы мүмкін.
Электр қозғалтқышы бар самокаттар. Олар қалада жүруге, жай серуендеуге және тіпті орташа қашықтыққа сапарларға, мысалы, қаланың немесе ауданның екінші шетіне дейін жетіп алуға жарамды.
Электр самокаттарының басты артықшылығы – күш салудың қажеті жоқ, тепе-теңдік сақтап, уақытында бұрылу керек.
Алматыда қалалық көлік саласында ыңғайлы шешімдер ұсынып жатқан компаниялардың бірі – «Kolesa Rent» ЖШС. Компания 2021 жылы құрылған және «Jet Group Ltd» еншілес кәсіпорны. Холдинг құрылымында 9 000 электросамокат бар. Компания JET қосымшасы арқылы халыққа электр самокаттарын жалға берумен айналысады. Жеке электр самокаттары Қазақстанның екі үлкен қаласы – Алматы мен Астанада ұсынылған.
Компания «Астана Моторс Финанс» ЖШС арқылы 21,75%-бен несие алып, NineBot Max Plus электросамокаттарын сатып алды. «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша бұл сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі жылына 13,75%-ды құрайды.
«Kolesa Rent» ЖШС аймақ экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде. «Kolesa Rent» ұсынатын қызметтер автокөліктерді пайдалануды азайтуға, кептелістерді, қала шуын азайтуға және қаланың іскерлік бөлігінде де, тұрғын аудандарда да тұрақ орындарын босатуға көмектеседі. «AIFC Green Ltd» есебіне сәйкес «Kolesa Rent» компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен белгіленген «жасыл жобалар» критерийлеріне сәйкес келеді.
Сайт: https://start.jetshr.com/
Почта: b2b@jetshr.com
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 142
+7 705 440 47 13