menu
Жабу

Шебердің ісі ортақ

Жаңалықтар
27.06.2024

Жиһаз жасау дейтін сүйікті ісімен айналысу Нұрсұлтан Сүлекеновке жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге түрткі болды.

Қазір «Әбдыхамит» ЖК кәсіпқойлар командасын жинаған. Жиһаздың барлық түрін шығарып, Атырау облысының тұрғындарын қолайлы бағамен ұсынады, жеткізіп, құрап береді. Әр аларман өз дизайны бойынша жиһазға тапсырыс беріп, фурнитура таңдай алады.

2024 жылдың басында құрал-жабдықтар сатып алу үшін кәсіпкер «Банк Центр Кредиттен» 19,75%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» аясында кәсіпкер алғашқы үш жылда 8%-бен төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Кепілдік жетіспейтін бөлігіне Қор кепілдік берді.

«Әбдыхамит» ЖК болашақта өндірісті кеңейтіп, жиһаз өндіру технологиясын жақсартып, жетілдіріп, клиенттер арттырып, халыққа сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға ниетті.

Атырау, Қара депо

+77750698015