Адал ас орталығы – Tabanan

Жаңалықтар
18.06.2024

Жезқазған қаласында 150-ден астам халықты тамақтандыру орындары бар. Олардың ішінде бизнес-асхана, наубайхана – Tabanan ерекше көзге түседі. Халал мекемені Заулимкия Рахимбекқызы ашқан. «Байтасова» ЖК 1998 жылдан бері жұмыс істейді.

Кәсіпкер 2020 жылдан бастап Жезқазған қаласының орта мектептеріндегі оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсете бастады. Сол кәсіпті игере жүріп Заулимкие Рахымбекқызына бизнес-асхана жұмысын ұйымдастырып, дайын тамақ алып кететін қоғамдық орын ашу үшін коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу идеясы келді.

2023 жылы компания ғимаратты сатып алу үшін «Қазақстан Халық Банкінен» несие алды. «Даму» Қорының субсидиясы есебінен мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендеді. Сондай-ақ кепілдік те берілді.

Tabanan – дәмді тағам жеп, үйге тапсырыс беруге болатын орын. Мұнда ыстық таба нан сатылады. Компания бизнес-асхананың дизайнына ерекше назар аударды. Намаз оқу үшін бөлек орын бар. Қазір «Tabanan» барлық қала тұрғындарының сүйікті орны деп айта аламыз.

Ұлытау облысы, Жезқазған қ., Сәтбаев көш. 50

Тел.: +7‒707‒253‒41‒60

Инстаграмм: @tabanan.chaihana