«Ахтямов» ШҚ 2010 жылдан бері Ұлытау өңірінде етті құс өсіру шаруашылығымен айналысып келеді.
Кәсіпкер Ахтямов Ринат Найлиевич қазір үш қорасы, жем өндіріп, сақтайтын қоймасы бар құс фабрикасын басқарады.
Бройлер цехын іске қосу үшін компания «Банк Центр Кредиттен» несие алып, оның мөлшерлемесін төмендету мақсатында Қорға жүгінді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қор несиені 6%-ға дейін төмендетіп, субсидиялап, кепілдік ұсынды.
Бұл құс фабрикасы – Ұлытау өңіріндегі бройлер етін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Ол облыс тұрғындарының ауылшаруашылық өнімдеріне деген сұранысын өтеу мақсатында құрылған. Бройлер еті жылына 1,5 мың тоннаға дейін шығады деп есептелген. Бүгінгі күні кәсіпорын құс фабрикасын заманауи құрал-жабдықтар – автоматты азықтандыру желісі, қоқыс шығару, суару жүйесі, жұмыртқаны автоматты түрде жинау және микроклиматты бақылау технологиясымен жабдықтады.
Компанияның болашаққа жоспары көп. Оның ішінде жұмыртқалайтын тауық өсіру, одан әрі жеуге жарамды жұмыртқа өндіру ісі бар.
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Шаталюка көшесі, 24 үй