Кейінгі кезде елде нан жегіштер саны аздап болса да азайғанына қарамастан, бұл бизнес түрі әлі де табыстылық жағынан алда келеді. Өйткені нан – азық-түлік себетіндегі ең маңызды өнім, оған сұраныс ешқашан төмендемейді.
Ақсайлық Динара Досқалиева мен құрбысына «7 НАН» атты наубайхана ашу жайлы идея аяқ асты келді. Алайда екеуі де істі енді бастаған кәсіпкер, әрі бұл салада еш тәжірибесі жоқ болғандықтан, олар франшиза пайбалану жайлы да ойланды. Екеуі нарықты өте ұзақ зерттеді. Талай бейнеролик, басқа наубайханалардың тәжірибесін зерделеді. Ақырында тәуекелге бел буып өз брендін қалыптастыруды ұйғарды.
Оңай болған жоқ. Екеуіне де жұбайы, отбасылары қолдау көрсеткеннің арқасында қиындықтарды бірге жеңді. Ал қаржылай тапшылықта «Даму» қоры жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарлама зор қолдау болды. Қос кәсіпкер «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасын тиімді пайдаланды. «Банк ЦентрКредиттен» жылына 21%-бен несие алған кезде оның 13,75%-ын Қор аталған бағдарлама аясында субсидиялады.
Соның арқасында өнім сатуға арналған дүңгіршек, сауда алаңына жабдықтар, наубайхана сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бүгінде олардың жеке наубайханасы мен өнімдерін сататын дүкені бар.
Өндіріс өте шағын. Онда өз жұмысын сүйетін, нанды жанын салып, ықыласпен пісіретін тамаша наубайлар жұмыс істейді. «7 НАН» –алдымен ұлттың қайырымдылығы мен қонақжайлығының символы, қазақ үшін қасиетті сан, Батыс Қазақстан облысының өңір ретіндегі реттік нөмірі.
БҚО, Бөрілі ауданы, Ақсай қаласы.
Тел. +7 777 616 77 79
инстаграмм: @7_nan_bakery