Сапалы күріш өндірісі

Жаңалықтар
27.06.2024

«Асыл дән LTD» ЖШС – экологиялық таза күріш өсіріп, өндіріп, буып-түйіп, сапа кепілдігімен және нақты келісілген мерзім ішінде тұтынушыға жеткізеді. Зауытта заманауи жоғары технологиялық жабдықтар, шығарылатын өнімнің бүкіл өңдеу процесі мен сапасын бақылайтын зертхана, автотаразылар, шикізат пен дайын өнімді сақтауға арналған қоймалар бар.

Компания 2013 жылы 30 сотық жері бар шағын күріш өңдеу цехы сатып алынған кезден бастап жұмыс істей бастады. Ол кезде тәулігіне 25 тонна шикі күріш өңдейтін. Сол жылы кәсіпорын аумағында шағын цехты қайта құру және шикі күрішті қайта өңдейтін жаңа зауыт салу мен ақталған күрішті шығару жұмыстары басталды. Сонымен қатар, өндірісті кеңейту үшін жер учаскелері сатып алынып, дайын өнім мен шикізатты сақтауға арналған қоймалар салынды. Қазір компанияда тәулігіне 80 тонна шикі күріш өндіретін жаңа зауыт жұмыс істеп тұр.

Тиімді жұмыс істеу үшін компания арнайы техника сатып алды. Өндірісті одан әрі кеңейту үшін зауыт аумағына іргелес жермен 1000 шаршы метрге жуық тұрғын емес үй-жай сатып алынды. Тиімдірек жұмыс істеу үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалды. 60 тонналық автомобиль таразысы орнатылды. Егістіктен келетін астықты сұрыптау және тазарту үшін ашық аспан астында 5 мың шаршы метрден асатын кәсіпорын аумағы дайындалды.

Күрішті қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы мен жабдықтар сатып алар кезде «First Heartland Jusan Bank»-тен несие алып, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қорының субсидиясы мен кепілдігін пайдаланды.

«Асыл дән LTD» ЖШС-ң күріш өңдеудегі өзіндік технологиялары дәнді дақылдардың пайдалы қасиеттерін барынша сақтай отырып жарма алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бұл күріштен жасалған тағамдар ерекше дәмді, меруерт түсті, езілмей піседі.

Компания өнімдерін қазір Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия, Түркия секілді 10-нан астам елде сатады. Ол жақтарда да сапалы әрі пайдалы дәнді дақыл сұранысқа ие. «Асыл дән LTD» компаниясының басқа да табысты жүзеге асырған жобалары бар. Компания көптеген жылдар бойы «Даму» Қорының қолдау құралдарын пайдаланып, өндіріске инвестиция салып, айналым қаражатын толықтырып келеді. 

Қызылорда қаласы, Қайнарбаев көшесі, 35

Тел: +7 701 970 33 00, +7 7242 25 93 06

Сайт: http://asyl-dan.kz/