Арайлым Сакпанбаева Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында «Талант» атты мейрамхана кешенін ашқан кәсіпкер. Бұл кәсіпті ол 2018 жылы Сарыкемер ауылындағы дәмхананы жалға алып бастаған. Жалға беруші жыл сайын жал ақысын арттырып отырды. Бұл оған айтарлықтай тиімсіз еді. Қоғамдық тамақтану саласында тәжірибе жинап үлкерген Арайлым Сақпанбаева өзі жеке мейрамхана салуға бел буды. Алдымен жинаған қаражатына жер телімін сатып алды. Ал мейрамхана алу үшін «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына қолдау сұрап келді.
Қордың филиалындағы менеджерлер толық ақпарат беріп, «Қазақстан Халық Банкінен» несие алғанша сүйемел көмек көрсетті. «Даму» қорының кепілдік берді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы қордың субсидиясы қарыз мөлшерлемесін азайтты.
2023 жылы Байзақ ауданының тұрғындары үшін салтанатты жындарын өткізетін заманауи форматтағы мейрамхана есігін ашты. Қазақ, Еуропа асханасымен қатар «Талант» мейрамханасының ерекшелігі – балық тағамдары. Балықты мейманның қалауы бойынша: грильде, көмірде, буда және майда қуырылған күйінде дайындап береді.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
Орынқұлов к-сі, 14Е.
Тел. +7747 487 50 94
Instagram: @talent_balyq_sarykemer