Күшмағамбетов Сайлау Серікұлы кәнігі кәсіпкер, қызмет көрсету саласында тәжірибесі мол. Қазір «Ақтау ОРЦ» ЖШС басшылық етеді.
Ол ашқан жаңа көтерме-тарату орталығында 40 мың тонна азық-түлік сақтауға арналған төрт қойма бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асқан инвестициялық жоба аясында екі қабатты көтерме сауда алаңы да салынуда.
Жаңа көтерме-тарату орталығы аймақтағы нағыз үлкен жоба және елдегі осындай ірі нысандардың біріне айналды. Инвестицияның жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жетті. Жергілікті билік субсидия ұсынып, жер телімін бөлді.
Мұнда төрт қойма бар. 6600 шаршы метр тоңазытқыш, 2640 шаршы метр мұздатқыштармен жабдықталған. Құрғақ тағамдарды сақтауға арналған 3360 метрлік қойма бар. Жалпы, мұнда 40 мың тоннаға дейін азық-түлік сақтауға болады. Орталық өңірдің тамақ өнімдеріне деген қажеттілігін 80%-ға дейін қанағаттандыра алады деп жоспарланған. Әкімдікте атап өткендей, көтерме-тарату орталығының ашылуы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне оң әсерін тигізеді және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тұрақтандыруға әсер етеді. Инвестициялық жоба жергілікті кәсіпкерлер мен басқа аймақтардан келген жеткізушілерге жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Инвестициялық жобаның екінші кезеңі аясында қазір көтерме сауда нарығының құрылысы жүріп жатыр. Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер сол жерде сауда орындарын алады және өнімдерді делдалдарсыз тікелей сата алады.
Компания «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жеңіл несие алды.«Ақтау ОРЦ» ЖШС
Телефон: +7778 000 19 97