«Medi-art» медициналық орталығы - урология, андрология, гинекология, урогинекология, эндокринология, ультрадыбыспен диагностикалауда проблемалары бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін арнайы емдеу-диагностикалық орталық. Компания 2013 жылы 1 кабинетті жалға алып, урологиялық кабинет ашудан басталды. Онда 1 уролог жұмыс істеді. 2015 жылы урологиялық қызметтер ауқымы ұлғайтыа, тағы бір кабинетті жалға алды. 2016 жылы урологқа келушілер артып, жеке кабинет алу туралы шешім қабылданды. Штатқа тағы 1 уролог қабылданды, ол әлі күнге дейін «Medi-art» медициналық орталығында жұмыс істейді. 2017 жылы медициналық орталықта қосымша 2 кабинет ашылды: эндокринолог және гинеколог кабинеті. 2018 жылы «Medi-art» медициналық орталығында 7 қызметкер жұмыс істеді. 2020 жылдың қазан айында қосымша Ультрадыбыстық диагностика кабинеті, 2021 жылы емшара кабинеті ашылды. 2018 жылдан бастап қызметкерлер үнемі компания есебінен білім алып, біліктілігін арттырады. Бүгінгі таңда клиникада 12 адам, үлкен жұмыс тәжірибесі бар дәрігерлер, жоғары санатты дәрігерлер, ғылым және PHD кандидаттары жұмыс істейді, барлық қызметкерлер кемінде 4 жыл жұмыс істейді.
2024 жылы операциялық залы бар жаңа инновациялық медициналық орталық ашу жобасын іске асыру жоспарлануда. Бизнесті дамыту және масштабтау үшін «Medi-Art» ЖШС компаниясы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға қарыз алды, сондай-ақ «Бірыңғай кешенді бағдарлама» бойынша «Даму қоры АҚ арқылы мемлекеттік қолдау алды және пайыздық мөлшерлемені 9%-ға дейін төмендетіп, Қордың кепілдігін алды.
Бұл клиникада урология, андрология, урогинекология, гинекология, эндокринологияға бағытталған эксклюзивті қызметтер көрсету жоспарлануда. Сондай-ақ, ерлер мен әйелдер денсаулығының алдын алу бойынша бірегей қызметтер көрсету жоспарлануда.
Компания басшысы: «Біздің принципті ұстанымымыз - әрбір пациентке кәсіби көзқарас»- деп атап өтті.
Адрес: г. Астана, ул. Тәуелсіздік 20\1
Телефон: 8(747) 162 15 21
Сайт: medi-art.kz