menu
Жабу

Анастасия Карибаеваның жетістік жолы

Жаңалықтар
04.07.2024

Сұлулық салондары қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл кәсіби мамандардың сырт келбетке сұлулық беретін орындары көптеген қызметтер ұсынады. Солтүстік Қазақстандық Анастасия Михайловна – осы саладағы жетістіктің жарқын үлгісі.

Ол 4 сұлулық салонынан тұратын желінің жетекшісі. Бұл кәсіпті 2017 жылы маникюр шебері ретінде білім алудан бастады. Содан бері Анастасия маникюр жасап қана қоймай, өзінің білімі мен машығын үнемі жетілдіріп отырды.

2021 жылы ЖК тіркеп, үй-жайды жалға алып, өзінің алғашқы « Modern» сұлулық салонын ашты. Сұлулық индустриясындағы тәжірибесі мен білімінің арқасында Анастасия Михайловна білікті қызметкерлер таңдап, клиенттер арасында танымал болатын қызметтер түрін анықтай алды.

Бүгінгі күні Анастасия Михайловнаның сұлулық салондары: «Modern», «Багира», «Beauty studio A. K N1» және «WO/MEN» деп аталады. Әр салонда заманауи жабдықтар толық және жоғары сапалы шаш, бет және дене күтімі қызметтерін ұсынады. 40 талантты шебер күн сайын клиенттерді таң қалдыру және қуанту үшін жұмыс істейді.

Анастасия Михайловна бала күтіміндегі демалыста отырған ана болғанына қарамастан, салондар желісін басқару ісін бір күн де тоқтатқан емес. Оның тәжірибесі табандылық, еңбекқорлық – жетістікке апаратын жол екенін дәлелдейді.

2024 жылы Анастасия Михайловна өз бизнесін кеңейту және де тағы бір сұлулық салонын ашу үшін үй-жай сатып алуға шешім қабылдады.

Кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Еуропа қайта құру және даму банкі» АҚ бірлесіп жүзеге асыратын «Үміт» бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредититтен» 16,5%-бен несие алды. Сондай-ақ қор «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кепілдік те берді. 

Петропавл қ-сы, Уалиханов к-сі, 34 «Modern»

Петропавл қ-сы, Интернациональная к-сі, 34 «Багира»

Петропавл қ-сы, Алматинская к-сі, 13 «Beauty studio A.K N1»

Петропавл қ-сы, Букетова к-сі, 61 « WO/MEN »

Тел: +7 771 534 25 58

Инстаграм: @nails_karib_petro