Алакөл – Жетісу облысы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасында орналасқан ағынсыз көл. Ел арасында «шипалы көл» деген де атауы бар. Жағасында Ақши және Көктұма курортты ауылдары орын тепкен. Демалысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен туристер ағылады.
Жеке кәсіпкер Ысқақов Дастан Мұратұлы 2007 жылы «Forte Bank»-тен демалыс орнын ашу үшін несие алған. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры кәсіпкерді қолдап, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Сондай-ақ банк сұратқан кепілмүлкі жетпегенде кепілдік те берді.
«ARASAN DE LUX» демалыс аймағы Алакөл көлінің оң жағалауында, Ақши ауылында орналасқан. Бұл қонақ үй кешені балалы отбасылар үшін Алакөлдегі ең қолайлы демалыс орындарының бірі болып саналады.
Қазір қонақ үй кешенінде 27 бөлмелі, бір қабатты 6 ғимарат бар, әр бөлмеде 4 төсектен. Сонымен қатар, аумақта 2 VIP коттедж орналасқан. Кешенде концерттік сахнасы бар жазғы алаң және ойын алаңы, спорт алаңы, жеке автотұрақ, кафе, бар, ағашпен қызатын монша бар.
Instagram: @arasan_deluxe_
Байланыс телефоны: +7 775 118 28 05
Мекенжайы: Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылы, оң жағалау.