menu
Жабу

Науқастарға үміт сәулесін сыйлайтын орталық

Жаңалықтар
15.07.2024

«Луч» нейрореабилитация орталығы – жүйке жүйесінде кеселі бар немесе жарақат алған науқастарды оңалтатын арнайы медициналық мекеме.

Орталық 2014 жылдың желтоқсанында құрылып, қазір Қарағанды ​​облысы бойынша нейрореабилитацияға маманданған жетекші мекемелердің бірі ретінде танылды. Мұнда әртүрлі жүйке аурулары мен жарақаттары бар науқастармен жұмыс істеуде мол тәжірибе жиған жоғары білікті дәрігерлер, реабилитологтар және басқа да мамандар жұмыс істейді.

«Луч» нейрореабилитация орталығында: инсульт, бас-ми, омыртқа жарақаттары, омыртқа аурулары, неврологиялық аурулар (Паркинсон, Альцгеймер, склероз және т.б.) ем алады. Әр науқас үшін жеке оңалту бағдарламаларын әзірленіп, емдік дене шынықтыру, механикалық терапия, еңбек терапиясы, логопедиялық және оңалтудың басқа бағыттары бойынша сабақтар өтіп, науқастар мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетіледі.

Орталық «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында «Қазақстан Халық Банкінен» несие алғанда «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды. Нтижесінде 2020 жылы Қарағанды ​​қаласында оңалту орталығы ашылды.

«Луч» нейрореабилитация орталығында науқастардың жайлы әрі тиімді сауығып кетуіне барлық жағдай жасалған. Орталық оңалту процедураларын жүргізуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен, сондай-ақ пациенттер мен оларды алып жүретін адамдар үшін жайлы бөлмелермен жабдықталған. Орталық Қазақстанның және шет елдердің жетекші медициналық мекемелерімен ынтымақтасады, бұл оңалтудың ең заманауи әдістерін қолдануға және әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Байланыс

Мекен-жайы: Қарағанды ​​қаласы, Ермекова көшесі 102/8

Қарағанды ​​қаласы, Мұқанова көшесі, 5/9

Қарағанды ​​қаласы, Строителей даңғылы, 34/3

Қарағанды ​​қаласы, Ермекова көшесі, 102/8

Телефон: +7 (7212) 78-59-50

Instagram: @nrc_lunch