Бүгін «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қазақстандағы Азия Даму Банкі өкілдігінің директоры Уцав Кумар мырзамен кездесті.
«Даму» Қоры мен АДБ 13 жылдан бері ынтымақтасып, осы уақыт аралағында Қазақстандағы МШОБ субъектілеріне 700 млн АҚШ доллары көлемінде бірлесіп қолдау көрсеткен.
Кездесуде тұрақты даму, әйелдер мен жастар кәсіпкерлігі сияқты бағыттарда шағын және орта кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру жайы талқыланды.
Сондай-ақ, ШОБ пен Қазақстанның қаржы ұйымдары тарапынан Қордың кепілдік құралына сұраныс зор екенін ескере отырып, кездесуде ел экономикасын әртараптандыру мақсатында кепілдік беру қоры моделіне біртіндеп көшу жоспары да талқыланды. Азия Даму Банкі ESG саласында бірлесіп жұмыс істеуде ұсына отырып, техникалық көмек көрсетуді ұсынды.