ТЕТРА – Қостанай облысындағы дәнекерленген тор өндіретін ірі компания

Жаңалықтар
12.07.2024

«ТЕТРА» ЖК 2005 жылдан бастап дәнекерленген тор шығарып келе жатыр. Бүгінгі күні Қостанай облысындағы ірі өндірушілерінің бірі. Барлық өнім тек аса сапалы шикізаттан жасалады.

Компания клиенттермен тікелей жұмыс істейді. Бұл өте тиімді, өйткені өндірушіге тікелей жүгіну арқылы сатып алушы айтарлықтай ақша үнемдейді. Компанияда кіл кәсіпқойлар жиналған.

2023 жылы «ТЕТРА» ЖК жаңа бағыт – металды лазермен кесу ісін игере бастады. Лазермен кесудің негізгі артықшылығы: 25 мм-ге дейін кесу (қара, тот баспайтын, алюминий, жез); жоғары дәлдік, минимал гратпен кесу; металды бір жерде сатып алу және кесу мүмкіндігі; бөлшектерге сәйкес сызбалар жасау болмақ.

Компания мемлекеттік бағдарламаларға бірнеше рет қатысты. 2022 жылғы қарашада компания «Банк Центркредиттен» жабдық үшін несие алғанда «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында пайыздық мөлшерлемесін «Даму» қоры арқылы субсидиялап, 85% көлемінде кепілдік алды.

2023 жылдың сәуір айында компания тағы да осы банк арқылы айналым қкаражатын толықтыруға несие алған кезде Қордың субсидиясы мен кепілдігін пайдаланды.

Ал 2024 жылдың ақпан айында компания «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында өндіріс үшін қосымша жабдықтар сатып алды.

«Біз бір орында тұрмауға және уақыт талабына сай дамуға тырысамыз. Үнемі жетіліп отырамыз. «Даму» Қорының арқасында біз ең жаңа үлгідегі жабдықты сатып алып, дәнекерленген тор шығаратын екінші цехымызды аштық және өндіріс қуатын арттыра алдық»,- дейді компания директоры Иван Валерьевич Писмак.

Қостанай қаласы, Мәуленов көшесі, 16/2, 1-кеңсе

Телефон: +7 (7142) 91 77 70

Сайт: www.kspartner.kz, www.setka10.kz, www.laser10.kz