«Белый Мишка» ЖШС дәмі ауыздан кетпес балмұздақ шығарады

Жаңалықтар
09.07.2024

«Белый Мишка» ЖШС – Семей қаласындағы жалғыз балмұздақ өндіруші.

Компания құрылтайшысы бизнесті балмұздақ сатудан бастаған. Көтерме-бөлшек саудасын жолға қойған соң 2000 жылы өз өндірісін ашты. Компания құрылған күннен бастап өнім сапасына баса назар аударады. Барлық рецепт қазақстандық және ресейлік білікті мамандармен кеңесе отырып, дербес әзірленеді. Cүт, қант алмастырғыштар пайдаланбайды әрі шикізат үнемдемейді.

Бастапқыда компания тек қарапайым балмұздақ шығаратын. Кейінірек глазурьсіз эскимо, содан кейін глазурь қосылған эскимо шыға бастады, бара-бара қолмен безендіріп, балмұздақтан торт жасауға кірісті. Қазір компания тұтынушыларға 60-қа жуық балмұздақ түрін ұсынады.

2023 жылдың басында компания «Қазақстан Халық Банкінен» жабдық сатып алып, айналым қаражатын толықтыру үшін несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры қолдап, несиенің пайыздық мөлшерлемесін жылына 6%-ға түсіріп, субсидиялады. Сондай-ақ кепілдік жетіспегендіктен Қор кепілдік те берді.

Компанияның барлық өнімі тиісті сараптамадан өтіп, сертификатталған және ресми тіркелген сауда белгісімен шығады. ЕАО стандарттарына толық сәйкес.

Абай облысы, Семей қаласы, Западный промузел көш, 38

Сайт: www.bel-mishka.kz