menu
Жабу

«Сайман Корпорация» – шығын аз, пайдасы мол компания

Жаңалықтар
10.07.2024

Отандық «Сайман Корпорация» ЖШС 2019 жылдан бастап энергияны есепке алатын отандық аспаптар шығаратын толық өндіріс циклы бар кәсіпорын саналады. «SAIMAN» аспап жасау зауыты Алматы қаласында орналасқан. Республика өңірлері мен ТМД елдеріне электронды электр есептегіштері, газ есептегіштері, ток трансформаторлары, ішкі және сыртқы электр және газды есепке алу шкафтары, коммутаторлық жабдық, жарықдиодты өнімдер, суды есепке алатын интеллектуал құрылғылар, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін (ASKUE), сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ASUNO), автоматтандырылған суды есепке алу жүйелерін (ASUV) жеткізеді.

Кәсіпорын «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы инвестицияға қаржы алды. «Ұлттық өнім» бағдарламасына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі 21,75%-дың 13,75%-ын құрайды.

«Сайман Корпорация» ЖШС өңір экономикасын мақсатты түрде дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Мемлекеттік қолдаудың арқасында Компания өз өнімдерін нарықтық тұтыну көлемі мен құрылымының сандық және сапалық жақсаруын қамтамасыз ете отырып, прогрессивті дамуын жалғастыруда.

Сайт: sales@saiman.kz

Мекен жайы: Алматы қ-сы, Шевченко к-сі, 162/7

Байланыс телефондары : + 7 771 993 41 27