Ақтаудағы «Ақ Бекет» компаниясы индустрияландыру аясында электротехника жабдықтары мен металл бұйымдарын шығаратын «РИГ» зауытын іске қосты.
«РИГ» зауыты қуаты алуан және әртүрлі мақсаттағы жарықдиод электротехника жабдықтарын, электромонтажға арналған металл бұйымдар, ТНП, әртүрлі мақсаттағы модульдік блоктар шығаратын отандық өндіруші.
Қазір «РИГ» зауыты орташа және төмен кернеулі электр жабдықтарының кең спектрін, электр аппараттарының кейбір түрлерін, үш фазалы асинхронды қозғалтқыштарды қорғап, басқаратын бағдарламала құрылғыларын, энергия үнемдейтін жарықдиод шамдарын, саябақ шамдарын, блокты модульдік ғимараттарды, жиналмалы павильондар мен гараждарды, әртүрлі металл бұйымдарын, әртүрлі мақсаттағы техникалық жиһаздарды және басқа да тұтыну тауарларын шығарады. Компания қызметінің негізгі саласы – энергия үнемдеуге бағытталған әртүрлі электротехника, инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу. Компанияда өзінің конструкторлық бюросы жұмыс істейді.
«РИГ» зауытының қызметіне өңірлер мен республиканың өнеркәсіптік, құрылыс, көлік, тау-кен металлургиялық және мұнай-газ компаниялары жүгінеді.
Кәсіпорын қызметкерлері шет елдік мамандардан білім алған. Тәжірибелі инженер-техник мамандар жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, өнімнің конструкцияларын жетілдіреді, күрделі электротехникалық жабдықты жоғары деңгейде әзірлейді, жобалайды және дайындайды, бұйымдардың сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар тапсырыс берушілердің талаптарына байланысты ассортиментті кеңейтуге де көп көңіл бөледі.
Электр жабдықтарын өндіру жөніндегі қызметті дамыту мақсатында кәсіпкер «Bank RBK»-дан несие алды. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қоры қарызды субсидиялап, кепілдік берді.
Телефон: +7 (777) 727 73 76
Эл. пошта: info@akbeket.kz
Қазақстан, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, өнеркәсіп аймағы 3, 5/34