Жоғары сапа мен мінсіз қызмет – кәсіпкер Жәния Байболованың ұстанымы

Жаңалықтар
11.07.2024

Ел экономикасындағы сұранысs мол бағыттардың бірі – жиһаз өндірісі. Қазір ешкім сәнді, салтанатты үйді жиһазсыз елестете алмайды.

Жәния Байболова бірнеше жылдан бері Атырау облысының тұрғындарын заманауи жиһаз өнімдерімен қуантып келеді. Кәсіпорын ас үй мен жатын бөлмелері, жылжымалы шкафтар, кіреберістердің барлық түрін шығарады. Баға диапазоны кірісі әртүрлі халық сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Байболова» ЖК-ның өндірісті кеңейту жөніндегі жобасын «Forte Bank» қолдап, жылына 21,75%-бен несие берді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында оның Қор субсидиялайтын бөлігі 15,75%-ды құрайды. Айырмасын кәсіпкер төлейді.

«Мемлекеттік қолдау біздің компанияға өндіріс технологиясын жақсартуға және жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік берді», - дейді кәсіпкер Жәния Байболова.

Мекенжайы: Атырау қаласы, Аманат көшесі, 6

+7 702 352 71 29

Инстаграм: @adai.mebel.atyrau