menu
Жабу

Тараз қаласында «Даму» қорының қолдауымен мейрамхана ашылды

Жаңалықтар
05.07.2024

Бақытбек Иманғалиев Тараз қаласындағы «Той Шашу» мейрамханасының иесі. Бақытжан Тұрсынұлы 2004 жылы Тараз қаласында азық-түлік дүкенін ашып, жұмыс бастаған.

Осы уақыт ішінде табысты еңбек етіп, қаржы жинады. Кейіннен нарық сұранысын байқай келе мейрамхана ашу жайлы идея келді. Осылайша ол жер телімін сатып алып, құрылыс бастады.

Бірақ өз қаражаты құрылысты аяқтауға жеткіліксіз болды және кәсіпкер өз мақсатына жету үшін «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Толық ақпарат алған кәсіпкер «Қазақстан Халық банкінен» несие алды. «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» қоры кепілдік пен субсидия берді.

Мейрамхананың банкет залына 200 адамға дейін сыяды. Ауданы 240 шаршы метр. Қаржы алғаннан кейін Тараз қаласының орталығында заманауи форматтағы мейрамхана іске қосылды, онда Тараз қаласының тұрғындары отбасылық мерекелерді, мерейтойларды, Қыз ұзату, Беташар, Үйлену тойларын және басқа да мерекелерді атап өте алады.

Тағамдары дәмді, үздік аспаздар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жоба бизнесті мемлекеттік қолдаудың арқасында табысты жүзеге асты.

Instagram: @toi_shashu_restaurant

Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, № 224.

Тел. +7 702 929 70 93