Кәсіпкер Жәнібек Искаковтың табыс тарихы ерік-жігер мен табандылықтың кез келген қиындықтан алып шығып, табысқа жетелейтінінің дәлелі десе де болады. Ол ауыр сырқаттан кейін қалыпты өмірге қайта оралып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтып етіп, жеке кәсібін ашты.
2018 жылы Жәнібекке ауыр диагноз қойылды. Үш жылға жуық уақыт бойы өз бетінше қозғала алмай, төрт қабырғаға қамалып, балдаққа сүйеніп қалды. Өз аяғымен қадам басу мұң болды.
«Өмірім дәрі-дәрмек қабылдау кестесі мен ем процедуралары уақытына тәуелді болды. Кесел меңдеп, салмағым небәрі 37 кг болып қалды. Бірінші топтағы мүгедектік алып, ай сайынғы жәрдемақыға қарап қалдым», - дейді Жәнібек.
Тағдыр сынына сынбауға бел буған ол дене жаттығуларын үзбей жасап, бұлшық ет қызметін қалпына келтіре бастады. Мақсатына шын мәнінде табандап жүріп жетіп, жүруді қайта үйренді. Бұрынғыдай жұмыс істей алмайтынын түсінген кезде жеке кәсіп ашуға бел буды. Нарықтағы сұраныстарды зерттеген соң 2021 жылы жанұялық шағын қонақүй ашты. Стартап біртіндеп табыс әкеле бастады.
2022 жылы теледидардан иілгіш клинкер өндіру туралы жарнаманы көреді. Икемді клинкер – акрилден, саздан, кварц құмынан және пигменттерден жасалады. Ол экологиялық таза, аязға төзімді, ыстыққа төзімді және тазалау оңай. Оны ғимараттар мен үйлердің қасбетін әрлеу үшін қолданылады. Клинкер шығару ісімен қатар ол құмсалғыштар, өздігінен тегістелетін едендер мен шыны бұйымдар сатуды бастаған еді. Бұл кезде Жәнібектің қолында 7 адам жұмыс істеді. Барлығы мүгедек жандар. Ендігі басты мақсаты – өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі, бірақ талабы күштілерге жұмыс беру еді.
2023 жылы Жәнібектің достары қуырылған тұздалған шемішке, жержаңғақ, пісте өндіруге кеңес берді. Бұған қомақты қаржы керек еді. «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы жөнінде естіп, ол «Банк ЦентрКредиттен» құрал-жабдық сатып алу үшін 21%-бен несие алды. «Даму» Қоры аталған бағдарлама аясында оның 14%-ын субсидиялайды. Соның арқасында кәсіпкер қарызын тек 7%-бен төлейді.
Бүгінде «ТЕМКА» сауда белгісімен қуырылған шемішке, пісте, жержаңғақтарды ел-жұрт біледі. Биыл Жәнібек шикізат, материалдар сатып алып, ассортиментін ұлғайта отырып, сауданы жүргізу және маркетинг ісімен айналысты.
Шымкент қаласы, Жеңіс көшесі, 5 үй.
Телефон: +77769336953, пошта: aiko.company@bk.ru
Инстаграм: @aiko.nuts