Павлодарда полистеролбетон блоктар шығаратын кәсіпорын қолдау тапты

Жаңалықтар
15.07.2024

«Нұр ПВ» ЖК 2023 жылдан бері металл емес минерал өнімдер өндіру, қабырға блоктары, полистеролбетон блоктарын өндіріп келеді.

Полистиролбетон – жеңіл бетонның бір түрі-композициялық материал, оның құрамына портландцемент, кеуекті агрегат, өрілген полистирол түйіршіктері, су, сондай-ақ ауа тартатын қоспа кіреді. Ол – шірімейтін, дыбыс, су, жылу өткізбейтін, қалауға ыңғайлы, өртке қауіпсіз, аязға төзімді материал.

«Нұр ПВ» ЖК басшысы Дулат Мүлікбаевтың мамандығы экономист. Бизнесті одан әрі дамыту үшін қосымша жабдық сатып алу қажет болғанда кәсіпкер «Банк ЦентрКредиттен» 19,75%-бен несие алды. «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысудың арқасында оның сегіз пайызын кәсіпкер төлейді, айырмашысын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Өңірдің климаттық жағдайы мен өндіріс жабдықтарын сатып алу, шығын материалдарын жылдам жеткізу ісі жолға қойылғандықтан полистеролбетон өндірісінің болашағы зор. Бизнес өте рентабельді. Дұрыс ұйымдастырылған менеджмент өндіріс қуатын барынша ұтымды пайдалануға сеп болады, бұл өзіндік құнды төмендетуге және нарықта өндірілген өнімнің бәсекелестерден озық болуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сату көлемінің ұлғайып, кәсіпорынның қаржылай жағдайының жақсаруына әкеледі.

Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 160/21

+77057232525