«Көмек тренинг орталығы» түзету-дамыту орталығы Петропавлда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде орталықтың негізін қалаушы Баязитова Ғалия Әкімбекқызының арқасында табысты дамыды. Бұл білім беру орталығы тек оқу орны ғана емес, сонымен қатар даму ерекшеліктері бар балаларды қолдау орталығы да.
Бастапқыда орталық өз қызметін даму ерекшеліктері бар балаларға арналған топтық түзету тренингтерін өткізуден бастады. Алайда, ата-аналардың сұранысы артқан сайын жеке оқыту формасына көшу туралы шешім қабылданды. Қызмет көрсету аясы кеңейіп, жаңа бағыттар мен кабинеттер ашылды. Қазір орталықта даму ерекшеліктері бар балаларға жан-жақты көмек көрсетуге дайын 15 жоғары білікті маман жұмыс істейді.
«Көмек тренинг орталығы» түзету-дамыту орталығы сөйлей алмайтын, психикалық жағынан кеш дамыған, аутизм спектрі бұзылған, Даун синдромы бар және т.б. әртүрлі диагнозы бар балалармен жұмыс істейді. 60-тан астам бала осы орталықтың көмек, қолдауын алады.
2024 жылы Ғалия Баязитова орталық үшін жекеменшік үй-жай сатып алуға шешім қабылдады. «Бірыңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасының «әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау» бағыты аясында «Қазақстан Халық банкінен» 19,75%-бен несие алды. Оның 7%-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын «Даму» Қоры субсидиялайды. Бұл бастама орталықтың дамуына жаңа серпін берді.
«Көмек тренинг орталығы» түзету-дамыту орталығы табысты әлеуметтік кәсіпкерлік үлгісі саналады. Кәсіпкер әр баланың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға ұмтыла отырып, өз қызметін дамытуды және жетілдіруді жалғастыруда.
Петропавл қ, Театральная к-сі 52, 2-қабат
@centrkomek
+7‒775‒213‒61‒80