menu
Жабу

Жол – экономикалық даму факторы

Жаңалықтар
23.07.2024

Жақсы жолдар – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығының және оның азаматтарының өмір сүру сапасының көрсеткіші екені бәрімізге белгілі.

Асфальтбетон – жол жабындарын, аэродромдарды, автотұрақтарды, тротуарларды және басқа да нысандарды салу және жөндеу үшін ең көп таралған материал. Бұл материал асфальтбетон зауытындағы арнайы жабдықта минерал агрегаттарды, битумды және басқа компоненттерді араластыру арқылы жасалады.

Осындай зауыттардың бірін Қызылорда қаласындағы «Орда Автодор» ЖШС іске қосты. Мұнда асфальтбетон қоспасының ыстық, суық және құйылған сияқты негізгі үш түрі шығады. Тәулігіне 650 тонна шығаруға қауқарлы. Жеке меншікте асфальтбетон зауыты болғанының арқасында компания көлік шығындарын азайту есебінен облыстағы жолдарды жөндеу құнын арзандатуға мүмкіндік алды.          

Жаңа өндіріс ашу, мысалы, зауыт немесе фабриканы іске қосу – кез келген кәсіпкердің қолынан келетін әрі ұзақ уақытты қажет ететін күрделі процесс. Дәл осы себепті мемлекет мұндай бизнес-бастамаларды қолдау шараларын әзірлеген. Зауытты іске қосу жөніндегі бұл бастаманы «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдап, субсидия мен кепілдік берді.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы. Белкөл кенті, 13-разъезд

+7 777 113 19 17