menu
Жабу

«Бент» Фирмасы» темірбетон сапасына кепілдік береді

Жаңалықтар
02.07.2024

«Бент» Фирмасы» МК – 1987 жылдан бастап жұмыс істейді және өндірістің түрлі салалық құрылымы бар ірі өндірістік кәсіпорын. «Бент» Фирмасы» МК-де күрделі темірбетон конструкцияларын шығаратын өз өндірісі, автоклавты газоблоктар өндірісі бар, бастапқы тау жыныстары мен қиыршық тастарды сатумен айналысады, материалдардың 400-ден астам түрін сынау мүмкіндігі бар зертханасы жұмыс істеп тұр. Зауытта одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынатын 11 техникалық мамандық бойынша жұмыссыздарды оқытуға арналған орталық бар.

Компания «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қорының қолдау алды.

Қазір жылына 800 000 дана темірбетон шпалдарын, сондай-ақ рельсті бекіткіштерді шығару бойынша Қазақстандағы ең ірі өндіруші зауыттардың біріне айналды. Соңғы 5 жылда кәсіпорынға шпал жабдықтарын жаңғыртуға 400 млн теңгеден астам инвестиция салынды және 50-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Компанияның ірі тапсырыс берушілерінің бірі «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ және оның техникалық мердігерлері. 2021-2024 жылдары «БЕНТ»Фирмасы» ЖШС «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында «Даму» Қорының субсидиясын пайдалана отырып, айналым қаражатын толықтыруға «Нұрбанктен» несие алды.

Алматы облысы, Іле ауданы, Бережинского 40

Тел. +7 727 341 04 85, +7 727 341 04 90