Маңғыстаулық «Shugyla brand» компаниясы 2021 жылы құрылып, сол уақыттан бері бұл бренд облыстағы қуатты технологиялық және зияткерлік әлеуеті бар ірі өндірушілердің біріне айналды. Компания үй тоқыма бұйымдарын шығаруда жетекші орынға ие. Кәсіпкер Санем Досжанова ашқан цех кез-келген мөлшердегі көрпе-жастықтар, төсек-орынның барлық түрін тапсырыспен тігеді.
Компанияда ең жаңа жабдықтар, білікті мамандар және озық технологиялар бар. Барлық өнімдер қажетті сәйкестік сертификаттары бар материалдардан жасалады. Өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны көп сатылы бақылау жүзеге асырылады. Мұның бәрі үнемі жоғары деңгейдегі өнімнің шығуын қамтамасыз етеді.
Үй тоқыма өндірісі бойынша қызметті дамыту мақсатында кәсіпкер қаржы алу үшін Маңғыстау облысындағы «Банк Центр Кредит» филиалына жүгінді. Өтінімді банк мақұлдады және кәсіпкерге «Даму» Қорының субсидиясы мен кепілдігін қолдана отырып, «Ұлттық жоба» мемлекеттің бағдарламасы аясында жеңіл несие берді.
Телефон: +7 (775) 994 36 62
Instagram: @Shugyla_brand, @toqyma_textile
Қазақстан, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 32в, 6 үй