«Сіздің жайлы өміріңіз біздің есіктен басталады»

Жаңалықтар
24.07.2024

«BuildMarket» ЖШС 2015 жылы құрылды. Алайда, бірден есік шығаруға кірісіп кетпеді. Компания ұзақ уақыт бойы ресейлік есіктерді саудалаумен айналысты. Бірнеше жыл тәжірибе жинаған соң барып ішкі есіктер шығара бастады. Бизнесті сауатты жүргізу мен үнемі жетіліп отырудың арқасында компания биік белестерді бағындырып келеді.

«BuildMarket» компаниясы ішкі есіктердің жеке өндірісіне толықтай 2021 жылдан бастап көшті. Buildmarket – сапалы еуропалық материалдарды пайдалана отырып жасалған заманауи есіктер. Компанияның есіктері үш қабатты Италия эмальмен боялған, берік әрі әсем. Компанияда есіктердің әртүрлі модельдерінің кең ассортименті бар. Биіктігі 2 және 2.20 м, ені 60,70,80,90. Сонымен қатар тапсырыспен де жасайды.

2024 жылдың басында BuildMarket ЖШС жабдық сатып алу және компанияның қуатын арттыру үшін «ForteBank»-тен 21%-бен қарыз алды. «Даму» Қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін 8,25%-ға дейін төмендетті.

«Сізге бұдан былай мың жерден мінсіз есікті іздеудің қажеті жоқ. Оны тауып беру біздің компанияның міндеті», - дейді кәсіпкер.

Астана, Серкебаев көшесі 4

Телефон: +7 771 000 7066, +7 705 877 7099

Сайт: www.build-market.kz

Инстаграм: @dveri_buildmarket